Ғаббасов Энгельс 1937 жылы Казталов ауданы Жалпақтал тауылында дүнигене келген жазушы, филолог, ғылым кандидаты(1976), доцент (1978). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері(2001) . 1957 жылы Орал пед. институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін бітірген. 1966 жылы Алматы жоғарғы партия мектебінің журналистика бөлімшесін бітірген. Ғаббасов Энгельс ауылдық мектепте мұғалім, партия және қоғамдық ұйымдардың қызметкері болды. Жоғарғы оқу орынында сабақ берді. 1995 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының және халықаралық «Пен-клуб» жазушылар ұйымының мүшесі. Екі рет ҚР (1996,1997) Парламентінің депутаты болып сайланған, Батыс Қазақстан өңіріндегі сынақ палигондарын жабу жолындағы қоғамдық қозғалыстың жетекшісі. Шығармаларын орыс тілінде жазады.




Бердіғалиев Қатимолла Жәңгірұлы 1952 жылы 29 қаңтар күні Казталов ауданында Қарашеген ауылында дүниеге келген - айтыс ақыны, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәденит қайраткері (1989) . Казталовкадағы А. Оразбаева атындағы орта мектепті бітіріп,Орал музыкалық училищесі- нің әншілер даярлайтын бөліміне оқуға түседі. 1975 ж. оны А.Ф. Муравьева класы бойынша бітіріп шығады. Кейін аудандық Мәдениет үйінде әтдістемеші,үйірме жетекшісі,автоклуб меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1985ж. алғаш рет аудан ақындар айтысына қатысады. Көп ұзамай өнерімен халыққа танылған ол «облыс ақыны» атағына ие болады(1987) . Халықаралық ақындар жеңімпаз (1989). 1991 жылдан Оралдағы Құрманғазы атындағы музыкалық училищеде халық әндері бөлімінің Мұхит класына жетекшілік етеді.Қ. Бердіғалиев бірнеше рет республика деңгейдегі ақындар айтысына қатысып , бірінші бәйге мен жүлделі орындарды жеңіп алды. 