Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Тарихи тұлғалар

Ғатаулин Мансұр

            (1903-1937)                 

  ғатаулинҒатаулин Мансұр (1903,Бөкей губерниясы,Талов қисымы-16.11.1937)- кайраткері. 1930-32ж. Қазақстанда орын алған аштық зобалаңы жөнінде БҚ(б)П Қазақ өлкелік комететіне жолданған «Бесеудің хаты» деген атпен белгілі хат авторларының бірі.1936-37ж. ҚК (б)П Ақмола, Жаңарқа ауданының комитеттерінің 1 хатшысы. 1937ж. тұтқындалғанды. Сол жылғы 16 қарашадағы КСР Жоғарғы коллегиясының үкімімен атылды.Қазақ КСР Жоғарғы соты Төралқасының 1957жылғы 31 шілдедегі қаулысымен ақталды.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Халлиулина Ә.

     «Бесеудің хатын» жазғандардың бірі-Сарыөзеннің жағасында дүниеге келген.[Мансұр Ғатаулин туралы] // Ауыл айнасы.-2016.-№30.-22 шілде.-7 б.

       2. Қазақстан тарихы (XX ғасырдың басынан бүгінгі күнге дейін). Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. 3-баспа.Жалпы ред. тарих ғылымдарының докторлары, профессорлар/ Б.Ғ.Аяған, М.Ж. Шәймерденова. – Алматы: Атамұра, 2013. – 400 бет

 

 

Ғұмар Қараш

(1875-1994)

  Ғұмар Қараш Ғұмар Қараш 1875 жылы Таловка қисымы, №2 старшындағы, Қырқұдық деген жерде дүниеге келген. Ағартушы,ақын,журналист,қоғам қайраткері. Жастайынан жетім қалып,ағайын-туыстарының қамқорлығымен ауыл молдасынан оқып,сауат ашады.Кейін Жалпақтал ауылындағы Ғұбайдолла Ғалікеев хазіреттен дәріс алып,сол кісі ұстаған медресені тәмамдайды.1902-1910 жылдары өзі туып өскен ауылында,тіленшісай,Борсы мекендеріне жәдитше бала оқытады.1911-13 жылдары «Қазақстан» газетінің жұмысына ат салысады. Сол жылдары Орынбор қаласында Шәңгерей Бөкеевтің қамқорлы- ғымен ел аузынан жинаған әдеби мұраларды құрастырып, «Шайыр», «Көксілдер» атты екі жинақ жариялайды. Ғұмар Қараш 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін ұйымдасқан «Алаш» партиясына, Алашорда үкіметіне үлкен үмітпен қарап, «Алаштың азаматтарына» атты арман мен үмітке толы өлеңдерін жариялайды. Өлең,толғаулары мен философиялық ой-толғамдары және әңгіме, мақалалары «Замана» деген атпен 1994 жылы жарық көрді.

Пайдаланған әдебиеттер:

      1.Кенжәлиев И.  

         Ғұмар қараш.Оқу құралы.Орал-2004.-136 б.

      2. Туған жердің алғашқы ұстаздары [Ғұмар Қараш туралы]// Ауыл айнасы.-2011.-29- тамыз.-4 б.

      3. Набиоллаұлы Н.

   Жайылмаса игі еді,артта қалған ізіміз...[Ғ.Қараштың 140 жыл толуына орай ]// Орал өңірі.-2015.-№56.-14 мамыр.

      4. Басерова Р.

   Ғұлама Ғұмар ізімен [Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай]// Ауыл айнасы.-2017.-№21.-26 мамыр.-5 б.

      5. Талапова Ж.

   Ғұмартануға тағы бір қадам.// Ауыл айнасы.-2014.-№41.-17 қазан.-4 б.

      6. Рысқалиев Т.

     Ғұмардың терең сырлары [Ғ.Қараш туралы]// Dana kaz.-2015.-№6-7.-40-44 б.

      7. Сафуллин Ж.

     Атам Ғұмар қазақ елінің мақтанышы болса,ұрпақтарына абырой [Ғ.Қараштың немересі Надежда Карашевамен сұхбат]// Орал өңірі.-2012.-№ 87.-26 шілде.-4-6 б.

 

 

Есенбаев Халел Мұхаметжанұлы

(1892-1938)

 Халел Есенбаев  Есенбаев Халел Мұхаметжанұлы 1892 жылы Казталов ауданы Ағашүй мекенінде дүниеге келген. Саяси қайраткер, ағартушы, журналист. 1915 жылы Орынбордағы «Хұсайыния» медресесін бітіріп, Қазақ төңкерісіне дейін өз үйінің бір бөлмесін мектеп етіп, мұғалім болған. 1918-19 жылы Бөкей ордасындағы «Киргизская правда», «Дұрыстық жолы» газеттерінде, «Мұғалім» журналында қызмет етті. 1919 жылы 17 желтоқсанда Орынборда 1- нөмірі жарық көрген «Ұшқын» (қаз.Егемен Қазақстан) газетін ұйымдастырушылардың бірі, тұңғыш редакторы. 1920 жылы Бөкей губерниясы к-тінің органы «Еңбек» газетіне басшылық етті, Казталов уездік атқару комитетінің төрағасы, губкомның үгіт-насихат және баспа бөлімінің меңгерішісі болды. 1920 жылы қазан айында Орынборда өткен Қазақ автономиясының Құрылтай съезіне қатысты. 1922-24 жылдары Жаңақала, Теңіз уездері атқару комитетінің төрағасы болды. 1928-35 жылдары Орал губерниясы, Семей, Қарағанды облысы ағарту бөлімдерін басқарды. Кеңестердің 9-съезіне қатісіп,ҚазОАК мүшесі болып сайланды. 1936-37 жылдары Ағарту комиссариаты басқармасын басқарды. «Халық жауы» жаласымен тұтқындалып, 1938 жылы 3 наурызда ату жазасына кесілді.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Боранғалиұлы Т.

   «Ұшқынның» редакторы болдым...»[Алаш қайраткері Халел Есенбаев туралы]// Егемен Қазақстан.-1997.-22 ақпан.-4 б.

      2. Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998.-Т. 4.

 

 

Мұлқашев Ибрагим Шаутиұлы

(1893-)

   Мұлқашев Мұлқашев Ибрагим Шаутиұлы 1893жылдың 24 қаңтарында Казталов ауданының «Қарасу» деген жерінде дүниеге келген. Әкесі Шаути егін егіп, мал баққан шаруа адамы болған. Ибрагим Мұлқашев 1903-1910 жылдар аралығында ауыл мектептерінде ескіше оқып ,сауат ашады. 1920 жылы Казталов ауылында ашылған үш айлық оқытушылар даярлайтын курсты тәмандап,сол жылдан бастап ұстаздық қызмет атқарады.1937 жылы педучилищеге сырттай оқуға түседі.Казталов, Бірік ,Еңбек, Сарықопа,Орыс таловкасы Еңбек ауылдарындағы бастауыш мектептерінде мұғалімдік қызмет атқарған.Ол кісі елдің саяси-қоғамдық өміріне белсенді араласқан. Ибрагим Мұлқашев 1917 жылы Ғұмар Қараштың шақыруымен Орынборда өткен 2-ші жалпықазақ сиезіне делегат болып қатысқан.Сонымен қатар оның Ғұмар Қараштан дәріс алғандығы туралы Ибрагим атаның өзінің қолжазбасы нан білуге болады.Сол курста Ғ.Қараш Мысыр тарихынан бір сабақ беріп, екінші күнгі сабақта «Казталовкада банды көбейіп кетті,мен сіздерді оқыта алатын емеспін, ауылыма кетемін,қош болыңдар!-деп амандасып кетті... Сонан кейін көп ұзамай ауылына барып жатқанда Ғ.Қарашты бандылар өлтіріп кетті деп естідік...» депті Ибрагим ата қолжазбасында. Ибрагим Мұлқашев 1936 жылы нақақ сотталып,алты айдай түрмеде отырған. Осыдан кейін Ибрагим ата Алашорда сиезіне қатысқандығы туралы мүлдем жақ ашпаған. Ибрагим Мұлқашевтің көптеген құнды деректерді ішінде сақтап,өзімен бірге ала кеткені анық.                                                                                                                               

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Әнуарбек М.

       Ибрагим Мұлқашев-Алашорда съезінің делегаты.// Ауыл айнасы.-2017.-№10.-10 наурыз.-8 б.

  1. Ахметова Г.

   200 жылдық тарихы бар қасиетті Құран [Ибрагим Мұлқашевтың құраны туралы] // Ауыл айнасы.-2013.-№7.-8 ақпан.- 5 б.

      3. Әнуарбек М.

         Алашорда сиезінің делегаты[Ибраһим Мұлқашев туралы] // Орал өңірі.-2017.-№29.-16 наурыз.-5 б.

 

Шомбалов Мәжит Мұқаметжанұлы

(1873-1940)

  ШомбаловШомбалов Мәжит Мұқаметжанұлы 1873 жылы Казталов ауданында дүниеге келген. Оба індетін емдеуге маманданған дәрігер. Қазан университетінің медициналық факультетін 1899 жылы бітірген. 1899-1903 жылдары Орда оба стансасында,1903-17 жылдары Орда ауруханасында істеген. 1911 жылы И.И.Мечников басқарған экспедиция құрамында Қалмақ даласындағы оба індетін зерттеді. Осы еңбегі үшін Астрахан денсаулық сақтау бөлімі 2 рет медальмен марапаттаған. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуда белсене араласқан. Бөкей губ.аткомының төрағасы, РК(б)П губкомының бюро мүшесі болды. 1923-29 жылдары Қазақстан денсаулық сақтау халкомының орынбасары, 1929-38 жылдары Қазақстандағы республикалық дәріхана басқарма бастығы, біраз уақыт Орал қаласында обаға қарсы стансасынының меңгерушісі болды. Алматы қаласында 4 дәріхана Шомбаловтың есімімен аталады.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Әлжанов А., Шокин Ә., Досаханов Ә., Алғашқы қазақ дәрігерлері, Алматы, 1984.
  2. Қазақстан Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы»  Бас редакциясы, 1998.-Т. 11.