Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
WhatsApp Image 2022 10 10 at 133840

Қош келдіңіздер

Құрметті оқырман «Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ-нің сайтына Қош Келдіңіздер! 

Мәдениет – адамзат баласының рухани азығы, сарқылмас байлығы, ұлылық пен ұлағатқа жетелейтін дүниенің құнды қазынасы. Ұлтымыздың рухын көтеріп, мерейін, асырып, мәртебесін асқақтатын да  - мәдениет. Егемендігімізді еңселі, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолында мәдениет саласының орыны ерекше, маңызы зор. Ал, аудан мәдениетінің бір саласы – кітапхана.
Кітапханалардың басты міндеттері елімізде болып жатқан басты, елеулі оқиғалармен, еліміздің даму бағытын басшылыққа ала отырып, халыққа кітапханалық қызмет көрсетуде кітапхана қызметін сапалы ұйымдастыру, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау, оқырман топтарына сапалы қызмет көрсету, көпшілік шаралардың жаңа түрлері мен әдістерін қолдану. Қазақ ақын – жазушыларының мерейтойларына орай шығармаларын насихаттауда жұмыс жүргізу.

  • Кітапханаға жаңа оқырмандарды тарту
  • Оқырман сұранысын зерттеу, кітап қорын оқырман талабына сай толықтыру
  • Балалардың бос уақытын ұйымдастыру, кітап оқуға баулу
  • « Ашық аспан аясындағы кітапхана» акциясын ұйымдастыру
  • « Бір ел – бір кітап» акциясын ұйымдастыру
  • Өлкетану жұмысын жандандыру
  • Қазақ әдебиетінің ақын – жазушыларының әдебиеттерін насихаттау
  • «Мәңгілік ел» идеясын басты бағдар етіп ала отырып, жастар бойына патриотизм, Отанды сүю, бабалардан мирас болып қалған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, ел бірлігін сақтау, жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіру мақсатында кітап қорын насихаттау.
  • Мемлекеттік тілді дамытуда маңызды роль атқаратын қазақ ақын-жазушылары мен жергілікті қаламгерлердің шығармаларын оқырмандарға кеңінен насихаттап, әр түрлі әдеби, мерекелік, кездесу кештер, поэзия сағаттары мен дөңгелек үстелдер өткізу.
  • Кітапхана  жұмысын дамыту, жұмыстың жаңа түрлерін енгізу, жаңашылдық бағытта жұмыстар атқару, электронды кітапхана жұмысын жандандыру.
  • ОКЖ-де тұрақты кітап көрмелерін ұйымдастыру және кітап қорын жоғары деңгейде насихаттау.

Рухани азық іздеген көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы – кітапхана. Кітап оқу - өнер. Уақыт талабына сай кітапсыз, жаңалықсыз ешкімнің де алға баса алмасын көзімізбен көріп отырмыз. Бүгінгі кітапхана – ақысыз пікір алмасу мен кездесу орталығы десек, біздің сайт өз оқырмандарымызға ғана емес, барлық пайдаланушыларға да ашық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 line.png

 

Жаңалықтар

 
Кітап оқуды сүйетін жас оқырмандарға тамаша мүмкіндік!
Аудан көлемінде өтетін “Мен оқыған 30 кітап” байқауына қатысуға шақырамыз!
?
Байқаудың мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру,
? ой-өрісті кеңейту,
✨ білімді, ізденімпаз оқырмандарды анықтау.
? Қаңтар–тамыз айлары аралығында 30 кітап оқып,
? оқыған кітаптарыңыз туралы әлеуметтік желіде бөлісіп,
? өз бақтарыңызды сынап көріңіз!
Белсенділік танытып, кітаппен дос болсаң – жеңіс те жақын!
? Қатысыңыз, оқыңыз, жеңіске жетіңіз!
? Кітап – білімнің кілті, болашақтың шамшырағы!

WhatsApp Image 2026 01 05 at 13.01.21 4

     

Қадыр Мырза Әлі – қазақ әдебиетінің абыз ақыны, терең ойлы, өткір тілді, замана келбетін шебер суреттеген қаламгер. Х.Есенжанов атындағы БҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Казталов модельді балалар кітапханасында ұлт ақынына арналған «Қадыр оқулары» онкүндігіне әдеби-танымдық шара өтті.

1 бет. Барлығы: 14