Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

? «Қадыр оқулары» – тағылым мен тәрбие тоғысқан сәт

WhatsApp Image 2026 01 05 at 13.01.21 4

     

Қадыр Мырза Әлі – қазақ әдебиетінің абыз ақыны, терең ойлы, өткір тілді, замана келбетін шебер суреттеген қаламгер. Х.Есенжанов атындағы БҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Казталов модельді балалар кітапханасында ұлт ақынына арналған «Қадыр оқулары» онкүндігіне әдеби-танымдық шара өтті.

Бұл шарада балалар мен жасөспірімдер Қадыр Мырза Әлінің тәрбиелік мәні зор мысал өлеңдерін жатқа айтып, ақын шығармаларынан шағын көріністер көрсетті.

? Оқырмандар «Бұзау мен Тоқты», «Алпауыт пен Қаптесер», «Тышқанбаев Мысық», «Қанден мен Төбет», «Шарайна мен Шүберек» атты мысалдарын жатқа айтып, көркем оқу шеберліктерін танытты.
Ал «Жираф пен Піл», «Қанденнің қаһары» секілді мысалдардан дайындалған көріністер көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. Балалардың сахналық образды ашудағы талпынысы мен актерлік қабілеттері жоғары бағаланды.

Бұл шара жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, Қадыр шығармаларындағы адамгершілік, әділет, адалдық секілді ұлы құндылықтарды саналарына сіңіруде маңызды рөл атқарды.

? Қадыр – ғасырдың ғұламасы. Оның әрбір мысалы – өмір сабағы, рухани азық.

#Қадыр_оқулары
#Қадыр_мысалдары
#ҚадырМырзаӘлі
#Балаларәдебиеті
#КітапханаШаралары