
Садықов Сағит Бөкеұлы - әуесқой композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері 1926 жылы Казталов ауданы, Казталов ауылында дүниеге келген. 1943 -1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946 -1949 жылдары Орал облыстық филармониясының артисі. Ол 40 жылға жуық Казталов аудандық мәдениет үйінің директоры қызметін атқарды. 1958 жылы Алматыда өткен халық өнерпаздары фестиваліне қатысты. Садықовтың «Ән самал», «Таңғы шақ», «Малды ауылдың көңілашары», «Жастығымның куәсі» жинақтары жарық көрген. Ол Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және бірнеше медальмен марапатталған. 1994 жылы қараша айында дүниеден озған.




Нағымов Нығмет 1928 жылы Казталов ауданы Мереке ауылында дүниеге келіп 1984 жылы қайтыс болған. Белгілі суырыпсалма айтыскер ақын, айтыс өнерінің от ауызды қайталанбас жарық жұлдызы. Казталов ауданының Тереңкөл кеңшарында кадр бөлімінің инспекторы, ауданның «Коммунизм жолы» газетінде тілші қызметін жауапкершілікпен атқарған. 1958 жылы 12 рет айтысқа қатысып, азулы Ғ.Көшенов, С.Қалиев, К.Балабаев, Ғ.Дүйсенов, С.Мұқанов секілді серке ақындармен айтысып жеңіске жеткен. Жары Үміт мұғалім, төрт қыз бен бір ұл тәрбиелеген.
Қабиева Баян Құбайқызы 1954 жылдың 14 қыркүйегінде Қарасу ауылында дүниеге келген.Кішкентайынан әнші,актриса болуды армандайды.1971 жылы Фурманов орта мектебін бітіріп,арман жетегімен Алматы қаласына барады . Содан эстрадалық студиясының Ғ.Құрманғалиев класында оқып дәріс алған. Ол кезде Жүсіпбек пен Ғ.Құрманғалиев екеуіде студияда жұмыс жасаған. Сол кездегі жас өнерпаз Баянға ұстаздары Жүсіпбек Арқаның,ал Ғарекең Батыстың әндерін орындауды үйреткен.Сөйтіп,таңдаған оқу орнын тәмәмда- ған ол алғаш еңбек жолын Жас ауылында 1975 жылы ашылған сегізжылдық мектептен бастаған.
Мұштанова Дариға Ғазизқызы 1954 жылы 13 наурызда Орал қаласында дүниеге келген. 1977 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша бітіріп, жоғары білім алып шыққан соң, бұрынғы Жалпақтал, қазіргі Казталов ауданының Көктерек орта мектебінде аға пионер-вожатыйы, мұғалім болып еңбек жолын бастады.