Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

  КӨПЕС ОВЧИННИКОВТЫҢ ҮЙ ЖАЙЫ

КӨПЕС КӨПЕС2
Көпес Овчинниковтің тұрғын үйі-1904 жылы күйдірілген қызыл кірпіштен архетектуралық үлгіде салынған сəулеттік тарихи маңызы бар ғимарат.
Ғимаратты 1904-1928 жылдары көпес Овчинников жанұясымен паналаған. Овчинников 1817 жылы алғашқы болып Сламихин хуторын (Жалпақтал ауылы) мекендеген Сламихиннің күйеу баласы. 1837 жылы Январцеводан қоныс аударған казак. Жалпақтал өңірінде бау-бақша егіп, балық аулап күнелтіс жасаған орыс-казак көпесі. Орыс байы ғимаратты тастап басқа аймаққа қоныс аударғаннан кейін 1928-74 жылдары әуел баста бастауыш, кейін жеті жылдық, бертін келе Фурманов орта мектебінің ғимараты (қазіргі Ғ.Молдашев мектебі) болды. Ел аузында «Қызыл мектеп» атанған білім ордасы. 1974 жылдан күні бүгінге дейін заман ағымына қарай атауы бірнеше мəрте өзгерген қазіргі Жалпақтал көп салалы аграрлық-технологиялар колледжі МКҚК-нің ғимараты. Қазіргі колледждің спорт залы заманында көпестің ат қорасы болған. Сонымен бірге астында жер төлесі бар. Бірнеше бөлмесі бар ғимараттың аумағы 150 студентке білім беруге лайықталған. Тарихи-архетектуралық маңызы зор ғимарат, Казталов ауданы, Жалпақтал ауылы, Ізмұхан Мəсалиев көшесі, 13-ші мекен жайда қоныс тепкен.
Көпес Овчинниковтың үй жайы – Овчинниковтың өз отбасына салдырған жеке үйі. Ішкі құрылысы қыша тастан құйып салынған, сырты ағашпен өрнектеліп қапталған, төбесін шіркеу мешіті сияқты күмбездеп үйдің төрт бұрыштарында үлкен терезелер қалдырған, төбесін қалың қызыл қаңылтырмен жаптырған. Еуропа бағытына келтіріп салынған. Сол кездегі бай-қуатты отбасыларға қонақ күтуге арналған үй жайы. Советтік дәуір кезінде бірнеше қайтара жай және күрделі жөндеулерден өтті. Тарихи – мәдени монументті ескерткіштер қатарында тіркелген. Қазіргі кезде №17 кәсіптік-техникалық училищесі орналасқан.