Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

2026 жылға аталып өтілетін мерейтойлармен атаулы күндер күнтізбесі

 

Қаңтар

1-қаңтар Күйші –композиторы, қазақ музыка мәдениетінің  аса көрнекті қайраткері, Қазақ КСР Халық артисі Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл, Жаңақала ауданының тумасы, (1861-1955)

7- қаңтар Ұшқыш ғарышкер Талғат Мусабаев туғанына 75 жыл (1951)

18 – қаңтар Ақын, публицист, аудармашы Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл (1911-1955)

18 - қаңтар – Әнші, термеші Шайсат Губашевтің туғанына 100 жыл. Казталов ауданы, Бостандық ауылының тумасы (1926-2007)

19 – қаңтар Ақын, тілші, ҚР Журналисттер Одағының мүшесі Қыдыр Харесұлы Абдрахмановтың туғанына 60 жыл (1966) Жалпақтал ауылының тумасы.

Ақпан

9 - ақпан Қазақ совет ақыны және жазушысы, аудармашы Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев туғанына 95 жыл (1931-1976)

10 - ақпан Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Дүйсекеев туғанына 80 жыл (1946-2020)

28 - ақпан Ұлы ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл (1846-1945)

28 – ақпан Ақын, журналист, қоғам қайраткері Айбатыр Сейтақтың туғанына 60 жыл (1966)

Наурыз

5 - наурыз Әуесқой композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Сағит Бөкеұлы Садықовтың туғанына 100 жыл, Казталов ауданының тумасы (1926-1994)

13 - наурыз Халық қаһарманы Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы туғанына 60 жыл (1966-1988)

25 - наурыз Қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт –азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, публицист, ғалым аудармашы Әлихан Бөкейханов Нұрмұхамбетұлының туғанына 160 жыл (1866-1937)

Сәуір

1 - сәуір Ғалым, медицина ғылымының докторы Әлихан Хамзаұлы Досахановтың туғанына 80 жыл, Казталов ауданының тумасы (1946)

 

12 – сәуір Ақын, қоғам қайраткері Ғұмар Қараштың туғанына 150 жыл (1876-1921)

16 - сәуір  Дәрігер Мирахмет Ниязовтің туғанына 135 жыл Казталов ауданының тумасы (1891-1943)

24 – сәуір Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің туғанына 90 жыл (1936-2021)

25 – сәуір Ақын, журналист, аудармашы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының иегері Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл (1946)

Мамыр

5 - мамыр Мемлекет, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі, Казталов ауданының «Құрметті азаматы»  Жаданов Сәбит Қайырұлы туғанына 95 жыл. (Жаңақала ауданынның тумасы )5.5.1931

6 – мамыр композитор, жазушы, публицист, музыка танушы, Мәдениет қайраткері Ілия Жақановтың туғанына 90 жыл (1936)

15 – мамыр Қазақстанның халық жазушысы, ақын, драматург, аудармашы, сазгер Исраил Сапарбайдың туғанына 85 жыл (1941-2025)

18 - мамыр Қоғам қайраткері, қазақ ақыны, жазушы, лингвист-ғалым, Қазақстан жазушылар одағының хатшысы Олжас Сүлейменовтің туғанына 90 жыл. (1936)

20 - мамыр Қобызшы, еңбек ардагері Роза Құспанованың туғанына 90 жыл. (1936)

25 – мамыр Күйші, композитор Сейтек Оразалыұлының туғанына 165 жыл (1861-1930)

Маусым

14 - маусым –Ғалым, химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Шомбалов Тайыр Көкешұлының туғанына 120 жыл, Казталов ауданының тумасы  (1906-1980).

27 - маусым Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың туғанына 80 жыл. (1946)

Тамыз

2 – тамыз Халық композиторы Мұхит Мерәліұлының туғанына 185 жыл. (1841-1918)

25 – тамыз Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері Марфуға Ғалиқызы Айтқожинаның туғанына 90 жыл (1936)

 

 

 

 

Қазан

2 – қазан Ақын Ботагөз Баймұқанқызының туғанына 70 жыл (1956-2006)

10 - қазан Қазақтың аса ірі ақындарының бірі Қасым Рақымжанұлы Аманжоловтың туғанына 115 жыл (1911-1955)

14 – қазан  Ақын, Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалиетің туғанына 110 жыл (1916-1997)

15 - қазан Жазушы, аудармашы Сайын Мұратбековтың туғанына 90 жыл (1936-2007)

Қараша

2 - қараша Ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин туғанына 185 жыл (1841-1889)

15 - қараша Қазақстан Жазушылар одағының бөлім меңгерушісі  Мәриям Хәкімжанованың туғанына 120 жыл (1906-1995)

23 – қараша Жазушы Жәрдем Тлековтің туғанына 115 жыл (1911-1980)

Желтоқсан

7 - желтоқсан – Ғалым, қазақ тілінің тұңғышы профессоры Қажым Аманғалиұлы Басымовтың туғанына 130 жыл, Казталов ауданының тумасы (1896-1939).

13 – желтоқсан Ақын, Жазушылар одағының мүшесі Жанғали Нәбиуллиннің туғанына 90 жыл (1936-2015)

15 - желтоқсан – Ғалым –математик, профессор  Хасен Ибрашевтің туғанына 110 жыл, Казталов ауданының тумасы (1916-1978).

 

 Айы мен күні  белгісіз 2026 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер

 

Қазақ ханы Абылай ханның туғанына 315 жыл (1711)

Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер Жаһанша Досмұхамбетов туғанына 140 жыл (1886-1932)

Социалистік Еңбек Ері  Казталов ауданының тумасы Мерғалиев Шақайдың туғанына 125 жыл (1901)

Батыр, 1836-1838 жылдарында Батыс Қазақстан аймағында өрбіген ірі ұлт азаттық көтерілісінің басшысы Исатай Тайманұлының туғанына 235 жыл. (1791-1838).

Исатай мен Махамбет бастаған ұлт – азаттық көтерілісінің басталғанына 190 жыл.(1836-1838)

Алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Сұңғат Алиповтың туғанына 140 жыл, Казталов ауданының тумасы (1886-1953).

Шаруашылық басшысы, Социалистік Еңбек Ері Хамза Әбдірахмановтың туғанына 130 жыл, Казталов ауданының тумасы (1896-1980).

Педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Иманбай Жұмағазиевтың туғанына 130 жыл, Казталов ауданының тумасы (1896-1969).

Казталовка ауылының әкімшілік округы болғанына 100 жыл. (1926).

Еңбек ардагері Сатыбалды Ыбырайұлы Ахметовтың туғанына 90 жыл, Казталов ауданының тумасы(1936-2019)

Казталов ауданы Ақпәтер ауылының іргетасы қаланғанына 65 жыл. (1961 «красный партизан» кеңшары негізінде қаланған)

Социалисттік Еңбек ері Ақсиықов Есекеннің туғанына 125 жыл (1901-1954) Жалпақтал ауылы.

Социалистік Еңбек Ері Әкімов Рамазан туғанына 145 жыл (1881-1971)  жалпақтал ауылының тумасы.

Бостандық ауылы, Бостандық ауылдық округі. Іргетасы қаланғанына 65 жыл

Болашақ ауылы, Болашақ ауылдық округі . Іргетасы Богатырев болып 1936 жылы қаланған. 2007 жылы  Болашақ ауылы болып өзгертілген. (90 жыл)

                                        Дина  Нүрпейіс келіні

(1861-1955жж)

Қазақтың әйгілі күйші композиторы. Туып өскен жері Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жер. Топырақ Алматы қаласынан бұйырған. Қазақстанның халық әртісі (1944). Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Москвада өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады. Әкесі белгілі домбырашы адам екен, қызы Динаға 8 жасынан бастап-ақ сол өнердің қыр-сырын үйрете бастаған. Оның ұлы күйші Құрманғазымен алғаш кездесуі де осы кез. 8-9 жасар Дина ұстазының күйлерін үйреніп қана қоймай, оның күйшілік-орындаушылық өнердегі ерекшеліктерін, дәстүрін жалғастырады. Динаның тырнақалды «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлерінде халықтың күйшілік дәстүрі айқын сезіледі. 1916 жылғы оқиғаға шығарған «1916 жыл» күйінде Құрманғазының Исатай мен Махамбетке арнаған «Кішкентай» күйінің әсері байқалады. Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды. Дина 1880 жылы Беріш ішіндегі Бесқасқа руынан шыққан Тұрманұлы Қанас деген жігітке тұрмысқа шығады. Қанас пен Динадан Нұрпейіс атты бір ұл туған. Алайда, алғашқы перзенті дүниеге келген соң Қанас көп кешікпей қайтыс болады. Дина ата салтымен қайын інісі Шәпекке қосылады. Күйеуінің атын атамайтын дәстүр бойынша Дина күйеуі Шәпекті «Жәпек» деп атайтын болған. Кейбір деректерде «Жәпек» деп жазылуы содан. Динаның алғашқы күйеуінен көрген перзенті Нұрпейіс 14 жасында қайтыс болады. Кейін ел ішінде санақ па, сайлау ма, әйтеуір бір тізім алу атай алмаған Дина фамилиясының орнына қайтыс болған тұңғышы Нұрпейістің есімін атаған. Міне, Динаның Нұрпейіс келіні атануының сыры осында. Жәпек пен Дина бақытты ғұмыр кешіп, берекелі жанұя құрған.

 

 

Роза  Құспанова

20 мамыр 1936

       Бұрынғы Фурманов ауданы Қарасу ауылында дүниеге келген.  Қобызшы, еңбек ардагері (1985), ҚР халық ағарту ісінің озық қызметкері (1991). Құрманғазы атынд. Алматы консерваториясының ұлт аспаптар бө-лімін тәмамдаған (1960). «Қазақ концертте (1960-66), консерваторияның жанындағы фольклорлық кабинетте (1966-75) жұмыс істеген. Алматыда С.Прокофьев атынд. 3-музыка мектебінде алғаш қобыз класын ашқан (1975), Лұқпановтар ансамблінің мүшесі (1966-80). «Ықыластың қобызы» (А., 1999), «Қобызға арналған хрестоматия» (А., 1998), «Сағыныш» (жеке дауысқа арналған әндер) (А., 1999) атты кітаптардың авторы.

Қыдыр Харесұлы Абдрахманов

1966 жыл

1966 жылы 19 қантарда Батыс Қазақстан облысы Жалпақтал ауданы, Жалпақтал ауылында дүниеге келген. Жанұядағы жеті баланың кенжесі атанып, карапайым от басында тәрбие алған Харесұлының  алғашқы еңбек жолы бірден аудандак газет редакциясындағы шығармашылық ұжымда басталып, осы ортаға ол түбегейлі сіңісіп кетеді. Редакциядағы газет саласының табалдырығынан имене аттап, төріне дейінгі барлық сатысынан кедергісіз өткен ол, кейіннен 2000 жылы 11 қазанда 6 алдына тәуелсіз газет ашып, облыс көлеміне кен тараған «Жастық үні» газетінің негізін салды. Шығармашылық салада айналасындағы әріптестері мен қалың оқырмандарынан жоғары баға алған қарымды қаламгердің еңбегі көпшілік ортада жоғары бағаланып, уақыт өткен сайын кеңінен таныла бастайды. Қазіргі танда Қыдыр Харесұлының жазған дүниелерін іздеп жүріп окитын окырмандар қатары көптеп саналады. Ол еліміздің батыс өңіріндегі оқырманы бай қаламгердің қатарын толықтырып жүрген бірегей журналист. Ақын ретінде де Қыдырдың жазған өлендері жеңіл окылады. Өзі тәрбиелеп өсірген бес бірдей ұл-қызына абзал әке, сүйікті немерелеріне ақылшы ата атана білген Қыдыр Харесұлы бүгінгі танда облыстық «Жастық үні» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Басымов Қажым Аманғалиұлы

1896 жыл

 1896 жылы Казталов ауданы Саралжын ауылында дүниеге келген.Ауыл мектебінде, кейін Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқыған. «Садақ» журналында мақалалар, «Саралжын», «Алаша» деген бүркеншек атпен өлең, жұмбақ, ертегі-әңгімелер жариялап тұрды. 1918 жылы Саралжын ауылына келіп, мұғалім болады. Орынборда оқып, жұмыс істеп, 1920 жылы Алматыға мұғалімдікке жіберіледі. Қапал педагогикалық училищесінде Қостанай халық ағарту институтында 1920-1930 жылдары қызмет етеді. Оқулық жазулармен шұғылданып, «бір жылдық тіл құралын» жарыққа шығарады. Кейін 1930 жылы «Латын әріппен негізделген жаңа емлеміздің құрылысы», «Жаңа әріп пен жаңа еміле» және «Қазақ дыбысының жіктелу сырлары» және тағы басқа еңбектері үшін оған доцент атағы берілді. 1930-1937 жылдары Ақтөбедегі ауылшаруашылық мектебінде, мұғалімдер институтында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болды. 1938 жылы Орталық халық комиссариатына жауапты қызметке шақырылды.

Пайдаланған әдебиеттер:

Жұмағалиев С.

Жерлес ғалым есімін қастерлейік.[Ғалым Қажым басымов туралы]// Ауыл айнасы.-2007.-№26.-11 наурыз.-2 б.

Кенжалиев И.

     Қажым Басымұлы [ғалым Қажым Басымұлы туралы] // Ауыл айнасы.-2004.-№42.-4 қазан.-3 б.

Ишмұхамедов Ә.

     Ұстаз өнегесі өлмейді.[Дарыңды ұстаз Қ.Басымов туралы ]// Ауыл айнасы.-2004.-№44.-18 қазан.-2 б.

                                • Кенжалиев И.

     Қажым Басымұлы //2004.-4 қазан.-3 б.

Кенжалиев И.

     Қажым Басымов. // Ана тілі.- 1990.-16 сәуір.-2 б.

Кенжалиев И.

     Көрнекті қайраткер,ғалым,педагог.//Коммунизм жолы.-1990.-№104.

                              • Кенжалиев М.

     Қазақ тіліне еңбек еткен ғалым.[Қ.Басымов туралы]// Орал өңірі.-1991.-21 наурыз.-4 б.

                                • Сарыбаев Ш.

     Басымов туралы.// Қазақ тілі мен әдебиеті.-1958.-№5.-74 б.

                                • Жұмағалиев С.

Жерлес ғалым есімін қастерлейік(Тіл білімінің тұңғыш ғалымы, жерлесіміз Қажым басымов есімі-Әжбай ауылындағы мектепке лайық) // Ауыл айнасы.-2007.№26.-11 маусым.-2 б.

                                • Басымов Қажым Аманғалиұлы // Ауыл айнасы.-2011.-12 қыркүйек. -3 б.

                           Садықов  Сағит  Бөкеұлы

(1926-1994)

Әуесқой композитор, Қазақстанның  еңбек  сіңірген  мәдениет   қызметкері  1926  жылы  Казталов  ауданы, Казталов ауылында  дүниеге  келген. 1943 -1945 жылдары  Ұлы  Отан соғысына  қатысқан. 1946 -1949 жылдары  Орал  облыстық  филармониясы-ның  артисі. Ол 40 жылға  жуық  Казталов  аудандық  мәдениет  үйінің   директоры  қызметін  атқарды. 1958  жылы  Алматыда  өткен  халық  өнерпаздары  фестиваліне  қатысты. Садықовтың  «Ән самал», «Таңғы  шақ», «Малды  ауылдың  көңілашары», «Жастығымның куәсі» жинақтары  жарық  көрген.  Ол  Еңбек  Қызыл  Ту, «Құрмет   Белгісі»  ордендерімен  және  бірнеше  медальмен  марапатталған. 1994 жылы қараша  айында  дүниеден  озған.

 Пайдаланған әдебиеттер:

                                • Жұмағалиев С.

     Өмірі өнерімен өрнектелген [Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері,ақын,сазгер С.Садықовтың 80 жылдығына орай]// Ауыл айнасы.-2006.-6 қараша.-3 б.

                                • Карабалин М.

     Суретте тарихи сыр жатыр[КСРО-ға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері С.Садықовтың 90 жылдығына орай]// Ауыл айнасы.-2016.-№28.-8 шілде.-7 б.

                                • Нұрланқызы А.

     Өнердің сан саласын бойына дарытқан [Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері С.Садықовтың 90 жылдығына орай]// Ауыл айнасы.-2016.-№16.-15 сәуір.-8 б.

                                • Жапақов С.

     Қайран халқым шаң жуытпай бетіме [С.Садықовтың туғанына 90 жылдығына орай] // Ауыл айнасы.-2016.-№7.-19 қазан.-6 б.

                                • Меңешев Е.

     Тума талант иесі [ҚР еңбегі сіңген мәдениет қызметкері С.Садықовтың туғанына 80 жыл толуына орай] // Ауыл айнасы.-2006.-№21.-22 мамыр.-2 б.

Ақынның шығармалары:

                                • Садықұлы С.

   Соғыстан қайтқан солдаттар ( «Тал-өкпе»-қазақтың ата мекені).-Орал.-2000.-145 б.

                                • Садықов С.

   Малды ауылдың «Көңіл ашары».-Алматы:Қайнар,1988.-156 б.

Мерғалиев Шақай

                                      1901 жыл 

 

  Мерғалиев Шақай 1901 жылы Казталов ауданында дүниеге келген. 1948 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілген. 1935 жылдан «Интернационал» ұжымшарында шопан болған. 1942-46 жылдары Кеңес армиясының еңбек батальонында жұмыс істеген. Әскерден орлған соң ұжымшарда 1951 жылға дейін шопан болған. 1961 жылы зейнеткерлікке шыққан. 1947 жылы қозы алуда жоғары көрсеткішке жеткені үшін сол кездегі мәртебелі атаққа ие болған.

Пайдаланған әдебиеттер:

                                • Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002.

Жаданов Сәбит Қайырұлы

1931 жыл

  Жаданов Сәбит Қайырұлы (5.5.1931 ж.т., Жаңақала ауд., Новая Казанка а.) – мемлекет, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі (1969), Казталов ауданының «Құрметті азаматы» (2006). Жалпақтал орта мектебін (1948), Мәскеу мемлекеттік экономика институтын бітірген (1953), 1953-57 ж. Ресейдің Орлов облысы, Ливны қаласында «Ливгидромаш» зауытында экономист, цех бастығы, 1957-58 ж. Қазақ ССР мемлекеттік жоспарлау комитеті электрлендіру және автоматтандыру бөлімінде аға экономист. Алматы қалалық, облыстық комсомол комитетінің 1-ші хатшысы қызметтерін атқарған (1958-60). Алматы «Эмаль-посуда» зауытының директоры болған (1960-63). Қазақ ССР Мемлекеттік жоспарлау комитетінде халық шаруашылығын жоспарлау бөлімінде аға экономист, бөлім бастығы (1963-68), Мәскеуде КСРО Министрлер Кеңесінде Қазақстанның тұрақты өкілінің орынбасары (1968-80), тұрақты өкілі (1980-87), КСРО Мемлекеттік статистика комитеті іс басқару бөлімінің бастығы (1987-91) қызметтерін атқарды. 1991 жылдан зейнет демалысында. «Казахстан коммерция» жоғарғы экономикалық ассоциациясының Мәскеудегі тұрақты өкілі (1991-97), Мәскеу қаласындағы «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы (1997-2001). «Еңбек Қызыл Ту», екі мәрте «Құрмет Белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Пайдаланған  әдебеттер:

                                • Батыс Қазақстан облысы.Энциклопедия.-Алматы:Арыс баспасы,2002.-255 б.
                                • Казталов ауданы.Шежіре.-Алматы:Арыс баспасы,2008.-82 б.

 

Кеңес Дүйсекеев Дүйсекеұлы

1946 жыл

 Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор (1994). Алматы консерваториясын бітірген (1974). 1974 -1976 жылдары “Гүлдер” ансамб- лінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976 -1979 жылдары “Қазақ концерт” гастроль -дік концерт бірлестігінің музыка жетекшісі, 1975 -1984 жылдары Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған. Дүйсекеевтің жетекшілігімен “Тамаша”, “Халық талант қайнары”, “Шабыт”, “Жастарға арналған музыкалық кештер”, “Музыка әлемінде”, т.б. теледидарлық бағдарламалар шығарылды. 1984-1997 жылдары Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды.

     1997 жылдан “Қазақ концерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі. Ол “Толғау” симфониясының (1984), “Жалаңтөс батыр” симфония поэма-картинасының (1996), “О, дүние” кантатасы-ның(1997), “Жыл мезгілдері” романстар циклінің (1991), “Мәди”, “Аққу Жібек” мюзиклінің, “Алдар көсе” опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, вариациялар және 200-ден астам әндердің авторы. Дүйсекеев әндерін Р.Рымбаева, Н.Есқалиева, М.Жүнісова, А.Мейірбеков, Н.Өнербаев, М.Дәулетбақова  т.б. әншілер орындап жүр.

 

Әлихан Хамзаұлы Досаханов

 1946 жыл

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданында 1946 жылы туған.  Медицина ғылымының докторы (1974). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1968, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Ленинград әскери округінде дәрігер (1968-70),  Қазақ онкология  және  радиология   ғылыми - зерттеу институтында қызметкер (1970–80), республикалық Денсаулық сақтау министрлігінде бөлім бастығы т.б. қызметтер атқарған. 130-дан аса ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы.

Пайдаланылған әдебиеттер.

                                • Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл
                                • «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы 1998ж.V том

Тайыр Көкешұлы Шомбалов

(1946)

Казталов ауданы Карпок ауылында 14 маусым 1906 жылы дүниеге келген. Ғалым, химия ғылымының докторы (1966), профоссор (1966), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1976). 1930ж К.А.Тимирязев атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылық академиясының аргохимия фокультатін бітірген. 1933 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтында органикалық және биолгия химия кафедрасының меңгерушісі. 1945-71ж ҚазМУ-дің органикалық химия кафедрасының табиғи қосылыстар химиясы кафедрасының меңгерушісі. Шомбаловтың негізгі ғылыми жұмысы табиғи қосылыстарды, соның ішінде өсімдіктер химиясын зерттеуге арналған.

Мұхит (Мұхамбеткерей) Мералыұлы

(1841-1918)

 Халық композиторы, әнші, ақын, күйші-домбырашы 1841 жылы Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында дүниеге келді. Әбілқайыр әулетінен шыққан, Қаратай сұлтанның немересі. Оның туған ағалары Паңгерей, Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіп өнерпаз адамдар болған. Мұхит Орынбор, Қостанай, Жаманқала (Орск), Қазалы, Троицк, Ақтөбе, Арал, Атырау өңірлерін аралап, «Әнші Мұхит», «Сал Мұхит» атанды. Оның «Дүние-ай», «Зәуреш», «Паң көйлек», «Қыпшақ», «Дөң асқан», «Кербез» әндері әншілік өнерінің сан қырлы табиғатын ашады. Ойлы да қуатты, нәзік те сырлы, мөлдір лиризмге тұнған әндерін асқан шеберлікпен орындай жүріп, өзінің әншілік дәстүрін қалыптастырды.  Александр Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 ән мен күйі» кітабында Мұхитты «қазақтың Баяны» атап, Қазақстанның батысында Мұхиттың шығармашылығын белгілі ән мектебі деп қарау керек» деп жазды. Ол тек әнші, ақын ғана емес, күйшілік өнерімен де танылды. Боғда, Есбай, Тазбала, Сәулебай, Абыл күйлерін өте әсерлі орындап, өзі де күй шығарды. Мұхиттың әншілік, ақындық, күйшілік мұрасын біздің заманға балалары - Шоң мен Нәу, немерелері - Шайхы, Лұқпан, Ғұбайдолла жеткізді. Қазақстан композиторлары Мұхиттың туындыларын өздерінің шығармаларында кеңінен пайдаланды. Евгений Брусиловский Мұхиттың «Алуаш» әнін «Жалбыр», «Үлкен Оразын» - «Қыз Жібек», «Дүние-ай» әнін «Ер Тарғын» операларына пайдаланды.

Хасен Ибрашев

(1916-1978)

         15 желтоқсан Казталов ауданында дүниеге келген. Ғалымматематикпрофессор (1969). 1941 жылы  Орал педагогикалық институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан; 1943-48 жылдары ҚазМУ-де проректор қызметін атқарған; 1948-78 жылдары ҚазМУ-де кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1957-71 жылдары декан. Негізгі ғылыми еңбектері шекті және шексіз жай дифференциалды теңдеулер жүйесінің  теориясына  және  Ляпуновтың  екінші тәсілін қолданғандағы  олардың шешімдерінің орнықтылығын зерттеуге арналған. 2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Ілия Жақанов

1936 жыл

 1936 жылы 6 мамыр  Жамбыл облысы Сарысу ауданы Ақтоғай ауылында дүниеге келген.  Ілия-жазушыкомпозиторөнер зерттеуші, жазушы, публицист, музыка танушы, Қазақстан  мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. 1936 жылы Жамбыл облысының Сарысу ауданында туған. С. М. Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Жақанов ҚазССР Министрлер Кеңесінің теледидар мен радио жөніндегі Мемлекеттік комитеті жүйесінде әдеби редактор, Қазақ радиосының музыкалық редакциясында бас редактор болып қызмет атқарды. Қазіргі кезде еркін шығармашылықпен айналысуда. I. Жақановтың әндері жастар арасында жақсы танымал. Ол "Алматы кешінде", "Асылым", "Жайлаукөл кештері" және т. б. әндердің авторы "Екі жирен", "Бірінші концерт" әңгімелер жинағының, "Аққулар қонған айдын көл", "Ықылас" романының музыка және музыканттар туралы зерттеулердің авторы.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

 2.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

 3.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9

4.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл.

Сәбит Қайырұлы Жаданов

1931жыл

  1931 жылы 5 мамыр Жаңақала ауданы, Новая Казанка ауылында дүниеге келген. Мемлекет, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген Экономисі (1969). Жалпақтал (бұр. Фурманов) Жайық орта мектебін (1948), Мәскеу мемлекеттік экономикалық институтын тәмәмдаған (1953), 1953-57 ж. Ресейдің Орлов облысы, Ливны қаласында  «Ливгидромаш»  зауытында экономист, цех бастығы, 1957-58 ж. Қазақ КСР мемлекеттік жоспарлау комитеті электрлендіру және автоматтандыру бөлімінде аға экономист. 1958-60 ж. Алматы қалалық комсомол комитетінің, кейін облыстық комитетітің 1-хатшысы қызметін атқарды. 1960-63 ж. Алматы  «Эмальпосуда» зауытының директоры болды. 1963-68 ж. Қазақ КСР мемлекеттік жоспарлау комитетінде халық шаруашылығын жоспарлау бөлімінде аға экономист, бөлім бастығы, кейін бөлім бастығының 1-орынбасары. 1968-80 ж. Мәскеуде КСРО Министрлер Кеңесінде  Қазақстанның тұрақты өкілінің орынбасары, ал 1980-87 ж. тұрақты өкілі. 1987-91 ж. КСРО мемлекеттік статистикалық комитеті іс басқару бөлімінің бастығы. 1991 жылдан зейнет демалысында. 1991-97 ж. «Казахстан коммерция» жоғарғы экономика ассоциациясының Мәскеудегі тұрақты өкілі, 1997-2001ж. Мәскеу қаласындағы «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы. Еңбек Қызыл Ту, 2 мәрте «Құрмет Белгісі» ордендерімен және бірнеше медальмен марапатталған. Жадановтың «Зигзаги судьбы» атты естелік кітабы  2001 жылы жарық көрді.

 

Сұңғат Алипов

(1886-1953)

         1886 жылы Казталов ауданында дүниеге келген алғашқы дерігерлердің бірі. 1908 ж. Астрахан фельдшерлік мектебін үздік бітірген. Арнаулы жолдамамен Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданында қызмет еткен. 1930-42 ж. Алматы калалық денсаулық сақтау бөлімін басқарған. 1942-45 ж. Ұлы Отан соғысына қатысып, далалық (майдан) госпиталында дерігерлік қызмет атқарған. Майданнан оралған соң 1953 жылға дейін Казталов ауданында мамандығы бойынша еңбек еткен. Алиповтың үлкен ұлы Бақыт (1921-1943) Алматы мемлекеттік медицина институтының 3 курсында оқып жүргенде майданға аттанған. Екі жылдан соң ерлікпен қаза тапқан оған Кеңес одағының батыры атағы берілген. Оның есімі Алматыдағы 28 панфиловшылар паркінде жазулы түр. Сұңғаттың қызы Медина (1927-1951) Саратов медицина институтын бітіріп, Казталов ауылында жұмыс істеген. Кіші ұлы Есқайырдан тараған ұрпақтары қазір Батыс Қазақстан облысында тұрады.

 

Жұмағазиев Иманбай

(1896-1969)

1896 жылы Казталов ауданында дүниеге келген. Педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі (1958), шежіреші. 1915 ж. 2 кластық Талов ерлер училищесін бітіріп, 1925 ж. Ордада 1 дәрежелі мұғалімдер даярлайтын курстан өткен. Ұзақ жылдар ауыл мектебінде үстаздық еткен. 1915-18 ж. «Жамантай түбегі», «Мешеркөл» мектептерінде жалдамалы мұғалім, 1918-23 ж. болыстық, уездік атқару комитеттерінде жауапты қызмет атқарды. 1923-57 ж. мұғалім, мектеп директоры, оқу бөлімінің инспекторы болған. Халқымыздың біртуар азаматтары, өлкенің белгілі адамдары Сырым Датұлы, Мөңке би, Майқы би, Исатай Тайманұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Ғұмар Қараш, Ишанғали Меңдіханов, т.б. туралы деректерді, шешендік сөздері мен әңгімелерді жинап, жазып алған және насихаттап отырған. Оның артында ел мен жердің, туған топырақтың шежіресіне толы қомақты қолжазба қалды. Ол қолжазбалар І. Омаровтың кеңесімен Қазақстан қорына өткізілген. «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған. 1995 ж. «Жайық шежіресі» атты кітабы Орал қаласындағы жергілікті баспадан жарық көрді.

Ахметов  Сатыбалды Ыбырайұлы

                                (1936-2019)

         1936 жылы Казталовка ауданында дүниеге келген. Еңбек ардагері. 1967 ж. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық инситутын, 1977 ж. СОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 30 жылдан астам комсомол, партия, кеңес, шаруашылық органдарында басшылық қызметте істеген. Казталовка ауд. комсомол комитетінің 1-хатшысы, Жәнібек, Қаратөбе ауд. атқару комитетінің төрағасы, Шыңғырлау ауд. партия комитетінің 1-хатшысы  болды. «Құрмет Белгісі» орденімен, бірнеше медальмен марапатталған.

 

Әкімов Рамазан

(1881-1971)

      Бұрынғы Фурманов ауданы қазіргі Жалпақтал ауылында дүниеге келіп, 1971 жылы қайтыс болған. 1933 жылдары «Правда» газеті атында кейін «Көктерек» ұжымшарында еңбек еткен. Рамазан жасы онға енді толғанда жергілікті жылқы заводының қожасына барып жалданған, жылқы қайырысып, мал бақты. Рамазанның көп жылдар бойы жылқы бағумен айналысқанын ескеріп, колхоз басқармасы оған қоғамдық бір үйір жылқыны табыс етті. Сөйтіп ол 27 жыл бойы ұдайы жылқы бағумен айналысты. Осы жылдар ішінде өз ісінің асқан шебері жүздеген сәйгүлік өсірді. Рамазан әкімовтың баққан уйіндегі жылқы барған сайын көбейе түсті, бірақ ол сол көп малды бұрынғысынша екі көмекшісімен күндіз өріске айдайтын. Ауа райы бұзылып жағдай қиындағанда жылқыны өріске өзі айдап шығаратын. Ол жылқының қысы жазы бірдей жақсы бағылып, қоңды болуына ерекше назар аударды. Рамазан Әкімов жайлау, күздеу, қыстаудың жайылымдықтарын бес саусағындай білетін. Жыл сайын мал басын шығынсыз өсіріп отырды. 1947 жылы 50 биеден 50 құлын, ал 1948 жылы 60 биеден 60 құлын алды. 1948 жылы жылқы өсірудегі ірі табыстары үшін «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілді.