Ауылымыздың ауылдық кітапхана білім мен танымның ордасы мәдениет көлеміндегі іргетасы 1950 жылдарды қаланған мәдениет орынның бірі болып есептеледі. 50 жыл ғұмыр кешіп отырған Талдықұдық ауылдық кітапханасының тарихы сөзсіз бай. Заман өзгерістеріне қарай әртүрлі жаңалықтар мен оқиғаларға толы. Кітапхана алғаш рет «Қызыл отау» деген атпен алынып жұмыс істей бастаған. Кітапхана алғаш рет құрылған жылдардан–ақ көпшіліктің жиі баратын сүйікті орнына айналды. Жазу, сызуы көп сол жылдарда қалың бұқараға білім шуағымен ақпарат құралдарын жеткізу мақсатында алғашқы кітапханашы Күнтуғанова Рая аянбай қызмет етті. Алғашқы кітапханашы кітапхананы 50 дана кітап қорымен ашқан. Кітапхана совхоз орталығындағы 1950 жылдары алғаш мәдениет үйі іске қосылғанда, мәдениет үйімен бірге ашылған. Мәдениет үйінің ішінен екі бөлмеге оқу залы және кітап қоры сақтау бөлімі болып орналстырылған. Осы алғашқы ашылғаннан күні бүгінгі таңға дейін бір орында қызмет атқарып келеді. Кітапханада сол жылдары әртүрлі тақырыптарға байланысты кітап бұрыштары, көрмелер, фото-мантаждар, озат тәжірибе мүйістері, қызыл бұрыштар шығарылған. 1955-1960 жылдар кітапханада «Шопандар бұрышы», «Еңбекті үйренейік те, теңелейік», «Малшыларға көмек» атты тақырыптарда бұрыштар шығарылып, соғыс ардагерлерімен, еңбек ардагерлерімен, диспуттар және қыздар үшін, жас келіндерге арнап «Жас отау иелері», «Аналар» атты шаралар оздырылған. Талдықұдық совхозының 1960 жылдары Хайрош, Құрман, Тереңқұдық, Таскүтір бөлімшелері құрылды. 1965-1970 жылдары ауыл шарушылықтарында, бөлімшелерінде, кітапханашыларда көптеп ашыла басталды. Олар Хайрош, Құрман, Таскүтір кітапханалары аяқтарын тәй-тәй басқан кезден білімге, жаңалыққа құштар адамдар үшін киелі шаңырақ болып ортақ қазыналардың көзін байытуға белсене қатысты. 1956-1973 жылға дейін кітапханада Сарсенова Рая кітапханашы қызметін атқарған. Ол - өз ісінің маманы, сегіз жыл селолық кітапхананың кітап қорын байытуға көп үлес қосқан. 1973-1987 жылға дейін Талдықұдық селолық кітапханасына Құлмұханова Разия Ақтайқызы 8000 мың кітап қорымен қабылдап алған. Бұл кітапханашы Ақтөбе мәдени ағарту училищесінің кітапханашылар даярлайтын бөлімін бітірген. Құлмұханова Разия Ақтайқызы көптеген жұмсытарын шаруашылық бөлімдеріне, мекемелерге, дала қостарына, бригаттарға, көптеген тарту мақсатында елді мекендерге де кітап таратты. Сонымен қатар кітапхананың өндіріске көп көмегі болды. Мұнда кітапхана ұйымдастырылып озық тәжірибені, социалистік жарысты насихаттау жұмысында жүргізуде. Селолық кітапхананың 5 елді мекені бар олар ферма №1 Қайрат бөлімшесі, Бесқұдық, Қараой, Қаракөбік, Атығара. Соған орай көшпелі кітапхана өз алдына жоспарлы жұмыс істеген. Қыс мезгілінде қыстақтарға жаз мезгілінде жазғы маусымның жұмыстарға көшпелі кітапхана елді мекендерді үнемі кітаппен, газет-журнал басылымдармен қамтып отырған. Разия Ақтайқызы сонымен бірге кітапхана село кадрларының жалпы білім ережесін көтеруіне де әрқашан көмек көрсеткен. Бұған дәлел ұйымдастырған «Диқаншы күні», «Мал шаруаларының күні», «Механизаторлар күні», ондағы өткізілген шолулар, әңгімелер, әдебиеттердің ашық қарау көрмесі және «Азық-түлік прогаммасы баршылықтың ісі», «Еңбекке тәртібін қатаң сақтау», «Сапаның қайнар түйінін - тәртіптілік», «Социализм-біздің өміріміздің шындығы, коммунизм - біздің ұлы мақсатымыз» атты актуалды тақырыптардағы кітаптар көрмелері. Ауыл шарушылығының маусымдық науқандарына байланысты Разия Ақтайқызының атқаратын жұмыстары да сан алуан. Қыс мезгілінде оқырмандар арасында жүргізілетін жұмыстардың көпшілігін негізінде фермаларда, шеберханаларда өткізіледі. Бұл жерлерге «Мал қыстауға-паритиялық қамқорлық», «Егіс даланың иелеріне», «Малшылар сіздерге» - атты тақырыыптардан әдебиеттедің ашық қарау көрмелері мен кітаптар көрмесін ұйымдастырады. Науқандық жұмыс кездерінде ол кісіні егіс даласына жие ұшыратасыз. Ферманың қызыл бұрышында еңбек екпінділеріне құрмет көрсетіліп, «Молния» шығарылады. Жаз айында көпшілік жұмыстар дала қостарына көшіріледі. Онда «Селода тұрады екенсің,техниканы меңгере біл», «Механизаторлар еңбегін халық ардақтайды» және т.б. тақырыптарда кітапхана плакаттары ілінген. Кітапхана совхоздың бастауыш партия ұйымы мен бірлесе отырып, жастар арасында көптеген жұмыстар жүргізуде. Олардың селодағы өндірістік жұмыстарға көзқарастарын қалыптастыруда, еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке, тәрбиелеуде үлкен үлес қосты.
Талдықұдық совхозының құрылғанына байланысты 50-жыл толуына орай мәдение қызмет көрсетуде жақсы көрсеткіш көрсеткені үшін, сонымен қатар Ұлы Октябрь революциясына 60 жыл толуына, 1977 жылдары Талдықұдық совхозының құрылғанына байланысты 55- жыл толуына орай мәдени қызмет көрсетуде жақсы көрсеткіш көрсеткені үшін, Разия Ақтайқызы марапат сыйлықпен марапатталған. Сонымен қатар, 1977 жылдары кітапханада Е.Мырзахметовтың «Медет» романы бойынша оқырмандар конференциясы оздырылған. Бұл роман бойынша кітапхана оқырмандары жалпы романы бойынша оқырмандар өз ой-пікірлерін ортаға салған.
Кітапхана оқырмандары абаномент бөлемінен жаңа кітаптарды уақытымен қолдарына алып, кітапқа деген қызығушылығын арттыруда. Міне, бұл атқарылған үлкен жұмыстар Талдықұдық ауылдық кітапханасының алғашқы «Қызыл Отау» кезеңінен бастап 1987 жылға дейінгі деректері. Бүгінде кітапхана өзінің қалыптасу кезеңінен бастап, азаматтық барлық мәдени құндылықтарын жинақтаушы, ғылым мен білімді таратушы ағарту ордасы және ауыл тұрғындарының кәсіби деңгейін көтеретін, білімін жетілдіретін орталық болып табылады. Осындай мәдени рухани азық берер орынның бірі Талдықұдық ауылдық кітапханасында 13000 кітап қоры бар.
Мерзім басылымдары-16, оқырман саны - 512, (соның ішінде балалары-160). Кітап берілімі – 700 (Балалары-320). Келім саны – 3001 (балалары-975)Тұрғын саны– 800.
Кітапхана кітап қорын және күнделікті баслымдарын насихаттау барысында кітапхана 2007 жылғы келетін газет-журнал басылымдарын тіркеу картатекасын жинақтап шолулар жүргізілді. Кітапхана қызметінің тиімді көрсеткіші ретінде оқырмандар мен жұмыс барысында кітап қорын бөле-бөлек пайдалану оқырмандарға библиографиялық ақпаратты қызмет көрсету барысында кітапхана әр мекемелерге «Экономикамызды кө
рсетейік», «Ауыл шаруашылығын өркендетейік», «Қазіргі заман талабы-кәсіпкерлікті көтеру» атты тақырыпты кітап көрмелері шығарылып, плакаттар ілінді. Ауылдық кітапханада ауыл тұрғындарына мәдени-рухани қызмет көрсетуден белгілі жұмыстар тындырылды. Атап айтар болсақ, кітапхана арқылы 500 оқырманға, 5100 кітап таратылды. Ауылдық кітапханашы осындай атқарған көпшілік жұмыстарымен жыл аяғында ауыл тұрғандарына есеп береді. Кітапхананың жұмыс жоспары жергілікті ауыл әкімшілік ұжымының және мектеп ұжымымен, мәдени үйінің қызметкерлерімен, ауылдық жастар бастауыш ұйымымен жасалады. Онда елімізде Республикамызда аталып өтетін және еске алынатын күндерге ұсынылатын әдебиеттерді насихаттап отыру ісі басты назарға алынады. Басында кітапханада небәрі 1000-ға жуық дана кітап қоры болса, бұл күндері кітапхананың кітап қоры 12000 мыңнан асты. Қазір кітапханада 550 ден аса оқырман тіркеліп, кітапхана ауыл тұрғындарынан 80% жуық кітаппен қамтып отыр. Ауылдық кітапхана 800 жуық халқы бар, 550 оқырманға 10,0 мың дана кітап берілімін қамтамасыз етіп отыр.



