Жас ауылдық кітапханас
ы 1973 жылы ашылған. Ашылған жылдан бастап 2007 жылдың тамызына дейін Ибатова Балжан еңбек етіп келді. Сол кезде кітапханашы Ибатова Б. дала қостарындағы бригадаларды аралап, кітапханаға түскен жаңа әдебиеттермен т
аныстырып, әр мерекеге, даталы күндерге байланысты ән-кештерін ұйымдастырып отырған. Одан кейінгі кездерде Нұржанқызы Айбану, Ишанғалиева Нұргүл сынды кітапханашылар жұмыс атқарды. Жас ауылдық кітапханасында бұл күнде Ибатова Индира ауыл тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсетіп келеді.



