Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

6 ақпан күні «Кітапхана және аймақтың мәдени кеңістігі» тақырыбында семинар кеңес оздырылды. Семинар барысында 2023 жылдың атқарылған жұмыс есебінің қортындысы туралы аудандық кітапхананың әдістемелік бөлім және толықтыру- сұраптау бөлім жетекшілері әр кітапхана жұмыстарына тоқталып өтті. Семинарға барлық жүйе кітапханашылары қатысып, өздерінің ұсыныстарын талқылап, сұрақтары бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді. Оқырмандарға сапалы қызмет көрсеткен кітапханашылар кітапхана директоры атынан «Алғыс хаттарға» ие болды.

 

1 2

55  

«Кітапхана –менің ғұмырым»атты кітапханалық жоба аясында Сексенбаев ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жаухар Даутқызының зейнеткерлік демалысқа шығу құрметіне арналған сыр –сұхбат кеші өтті.

Кітапхана саласында 18 жыл өнегелі еңбек етіп,мәдениеттің дамуына өз үлесін қосқан ардагер жан өзінен кейінгі жастарға үлгі боларлықтай тәрбие мен парасаттылықты, адалдық пен адамгершілік қасиеттері әр адамның бойынан табылу керектігі туралы өз ойын жеткізді. Шара барысында әріптестері жылы лебіздерін білдірсе кітапхана әкімшілігі атынан алғыс хат пен және сыйлықтармен марапатталды. Алдағы уақытта ардагеріміздің деніне саулық, отбасына амандық тілейміз!!!